Грекияда "Македония атауы" туралы дағдарыс

Грекия және Македония үкіметтері арасында жасалған «мемлекеттік атауды өзгерту» шешімі протест етілді.

999891
Грекияда "Македония атауы" туралы дағдарыс

Грекияның Салоники қаласында Грекия және Македония үкіметтері арасында жасалған «мемлекеттік атауды өзгерту» жайлы келісімді протест еткен шерушілер полициямен қақтығысты.

Салоники Сауда көрмесі алаңында Радикал солшыл одақ партиясы тарапынан «Македония» тақырыпты бір іс-шара ұйымдастырған конференция залы бар ғимараттың алдында жиналған бір топ адам үкіметке қарсы ұрандар тастап, ғимаратқа кіруге әрекет жасады.

Грекия жалауы бар шерушілердің айналадағы қоқыс баррельдерін өртеп ғимараттың кіріс қақпасын сындыруының артынан полиция күштері көз жасаурататын газбен қарсылық берді.

Полицияға тас лақтырған шерушілерге полиция күштері арасындағы қақтығыстар себепті қала орталықтарындағы кейбір даңғылдар қысқа уақыт жол қатынасына жабылды, қала орталығындағы Чимиски даңғылында аялдаған кейбір көліктерге зиян келді.

Оқиғамен байланысты 3 адам тергеуге алынды.



Ұқсас жаңалықтар