Македония есімі өзгереді

Македония мен Грекия ел атауын өзгерту үшін келісті.

991585
Македония есімі өзгереді

Македонияның есімі «Солтүстік Македония Республикасы» деп өзгереді.

Грекия үкіметі Скопье әкімшілігімен ел атауы жөнінде келісімге келгендерін хабарлады.

Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас елінің үмітін ақтайтын келісім болғанын айтты.

Македония премьер-министрі Зоран Заев «25 жылдан кейін келген тарихи шешім» деп атады.

Осы келісімнен кейін Солтүстік Македония Республикасы есімін халықаралық аренада қолдану үшін Скопье әкімшілігі атазаңға өзгерту енгізеді.

Македония атазаңға өзгеріс енгізгеннен кейін Грекия да қадам басып,  парламентте келісімді дауысқа салады.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг келісімді ризашылықпен қарсы алғандарын білдіріп: «Скопьенің НАТО-ға мүше болуына жол ашылды» деді.

Югославия ыдырағаннан кейін 27 жылдан бері Македония деп аталып келген Скопье әкімшілігі халықаралық платформаларда Грекияның кедергісіне ұшырап келген болатын.



Ұқсас жаңалықтар