Барша әлем күткен саммит Сингапурда өтті.

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын Сингапурда  кездесті.

990674
Барша әлем күткен саммит Сингапурда өтті.

Барша әлем күткен саммит Сингапурда өтті.

Сейсенбі күні Сингапурда АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ынның тарихи кездесуі өтті.

Саммит жергілікті уақыт бойынша таңғы 9-да Сингапурдегі Сентос аралындағы Сapella қонақ үйінде басталды.

Лидерлер кездесуден бұрын журналисттерге қысқаша мәлімдеме жасады.

АҚШ президенті Дональд Трамп «Кездесудің сәтті өтетініне сенемін. Бұл үлкен бір абырой. Қарым-қатынастарымыздың жақсы болатынына күдігім жоқ» деді.

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын да «Мына жерде болу керемет. Өткен кездегі сыңар жақты көзқарастарымыз алдымызда әрқашан кедергі болған еді. Осы кедергілерді жеңіп бүгін осы жерге келіп отырмыз» деді.

АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары алдымен бір-бірін қол алысу арқылы жылы шыраймен қарсы алып, жеке кездесу үшін келіссөздер бөлмесіне кетті. Тек аудармашылардың ғана қатысуымен өткен жүздесу 48 минутқа  созылды.

Кездесуден кейін екі лидер мәлімдеме жасады.

АҚШ президенті Дональд Трамп кездесудің өте сәтті өткенін білдіріп, қарым-қатынастардың керемет болатынын айтты.

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын болса «Кездесуіміз ойдағыдай сәтті өтті» деді.



Ұқсас жаңалықтар