Грекия төңкерісшілерді қорғауға алды

Грекияның "Ta Nea" газеті Түркиядан қашқан төңкерісшілер туралы «Сегіз адамды әскери лагерге жасырды» тақырыбымен хабар жариялады.

989491
Грекия төңкерісшілерді қорғауға алды

Грек баспасөзі 2016 жылы 15 шілде күні Фетуллахшы террор ұйымының төңкеріс әрекетінің артынан Түркиядан Грекияға қашқан және сот шешімімен еркін жіберілген төңкерісші әскерлерді алып қашу және қастандық уайымымен әскери бір базада қорғауға алғанын жазды.

Ta Nea газетінің «Сегіз адамды әскери лагерге жасырды» тақырыбымен хабар жариялады. Газеттің бірінші бетінде орын алған хабарда грек соттары тарапынан 18 айлық тергеу мерзімінің артынан еркін жіберілген төңкерісшілердің әскери базалардың біріне апарылып, тығыз қорғауға алынғанын алға тартылған.

Ta Nea газетіне қарағанда төңкеріс әрекеті жасаған террор ұйымы мүшелері әскери бір лагердің ішінде құрылған және айналаны бақылауға алған мергендер орналастырған, 80 адамнан тұратын полиция күші тарапынан қорғалған арнайы бір алаңда жасырынуда. Төңкерісшілердің әрқайсысының бөлек бөлмелері бар. Асхана мен залды ортақ қолданады.

Тек қана адвокаттарымен бас қосуға рұқсат берілген және психологиялық қолдау берілген төңкерісшілерге Түркиядағы жанұялары ақша мен азық-түлік жібере алады.

Вице-премьер және үкімет мәлімдемешісі Бекир Боздағ төңкеріс әрекетіне қатысқандар тұралы «Бұл төңкерісші әскерлерді қайда болса да жинап, Түркияға әкелу біздің басты міндетіміз» деп мәлімдеме жасаған болатын.

Грек медиасы Боздағдың осы мәлімдемесінің артынан грек мекемелерінің төңкерісші әскерлерді қорғау жоспарында өзгерістер жасалғанын жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар