Путин Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездесті

Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен Қытайға барды.

989098
Путин Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездесті

9-10 маусым күндері аралығында өтетін Шанхай Ынтымақтастық ұйымының Мемлекет басшылары саммитінен бұрын Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барған Ресей президенті Владимир Путинді Пекинде Қытай басшысы Си Цзиньпин ресми түрде қарсы алды.

Оңаша кездесу өткізген екі лидер артынан делегациялар кездесуіне басшылық жасады. Екі ел басшысы кездесуде кең көлемді ынтымақтастық жөніндегі тақырыптарды қолға алды.

Си Қытайдың Ресеймен жоғарғы деңгейдегі сенімді күшейту және халықаралық салада қою ынтымақтастықты жалғастыру үшін Мәскеу әкімшілігімен бірге жұмыс істегісі келгенін баяндады.

Қытай басшысы Си  Қытай мен Ресейдің «Бір белдеу, бір жол және Еуразия экономикалық ынтымақтастығы» арқылы маңызды табыстарға қол жеткізгенін баяндады.

Екі лидер Корей түбегі және Иран ядролық тақырыптарында пікір алмастырды.

Делегациялар кездесуінен кейін екі лидер Қытай және Ресейдің екі жақты ынтымақтастыққа бағытталған бірқатар келісімнің қол қою рәсіміне қатысты.


Этикеттер: #Ресей , #Қытай

Ұқсас жаңалықтар