Канадада бүгін «Үлкен жетілік» елдерінің саммиті басталады

Канада 44-ші «Үлкен жетілік» саммитіне үй иелігін жасайды.

988759
Канадада бүгін «Үлкен жетілік» елдерінің саммиті басталады

Әлемнің жетілген 7 нарықтық экономикасы құрған «Үлкен жетілік» саммиті бүгін Канаданың үй иелігінде басталады.

«Үлкен жетілік» саммитінің кезекті төрағасы болған Канада 44-ші «Үлкен жетілік» саммитіне үй иелігін жасайды.

Саммит Канаданың  Квебек провинциясындағы Ла Мальбе курорттық қаласында екі күн бойы өтеді. Саммитке Еуропа одағы, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Франция, Жапония басшылары қатысады. Сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысы, Еуропа Комиссиясы төрағасы, Еуропа Одағы Кеңесі басшысы, Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы (OECD) төрағасы , Халықаралық валюта қоры (İMF)  бас директоры және Әлем банкі өкілдері қатысады.

Осыған орай, қалада қауіпсіздік шаралары мейлінше күшейтіліп, оған 10 мыңдай полицей мен жауынгер тартылып отыр.

Бұл жолғы саммитте гендерлік теңдік, әйелдер құқығы, таза энергия, климаттың өзгеруі, әлемдік мұхиттың ластануы, сауда даулары тәрізді мәселелер талқыланады.


Этикеттер: #Канада , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар