"Түркия көрші елге берген суды тоқтатпайды"

Түркияның Ирактағы өкілетті елшісі Фатих Йылдыз көрші елдің су қажеттігін қамтамасыз еткен Ылысу су бөгеті жайлы мәлімдеме жасады.

986777
"Түркия көрші елге берген суды тоқтатпайды"

Түркияның Ирактағы өкілетті елшісі Фатих Йылдыз Ылысу су бөгетінде 1 маусым күнінен бастап су жинау жұмыстарының басталғанын, бұл себепті Түркияның Иракқа жіберген суды тоқтатпайтынын мәлімдеді.

Йылдыз Ирактың бас қаласы Бағдатта өкілетті елшілік ғимаратында ұйымдастырған баспасөз жиналысында Түркияның әр қашан суды қорғауға тырысқанын су мәселесінің Анкара мен Бағдат арасында ынтымақтастық саласына айналғанын білдірді.

Ирактық лауазымдылармен өткен ай 1 маусым – 1 қараша күндерінде Ылысу су бөгетінде суды жинақтаумен байланысты қандай жоспармен жүру керектігін келіскендерін атап көрсеткен Йылдыз қоғамда Ылысумен байланысты байқаусыз қалдырылған кейбір мәселелер бар екенін мәлімдеді.

Өкілетті елші Йылдыз «Ылысу су бөгетінде суды жинақтау дегенде, Иракқа берген суды толығымен тоқтатамыз деген мағынаға келмейді. 15 мамыр күні суды жіберу ережелері тақырыбында келісім жасалды. Сондықтан суды тоқтатпаймыз, ағады. Судың маңызды мөлшерін Иракқа берудеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар