"Пешмерга Киркукте қайта қызмет атқармайды"

Ирак террормен күрес полиция күштері ІІ-Түмен қолбасшысы Маан ас-Саади әлеуметтік медияда жарияланған хабарларды теріске шығарды.

982628
"Пешмерга Киркукте қайта қызмет атқармайды"

Ирактың Киркук қаласында Пешмерга күшінің қайтадан қызмет атқаратыны жайлы қауесеттер теріске шығарылды.

Ирак террормен күрес полиция күштері ІІ-Түмен қолбасшысы Маан ас-Саади тақырыппен байланысты Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемеде «Әлеуметтік медиа да жарияланған Пешмерганың қайтадан Киркукте қызмет атқаратыны жайлы хабарлар негізсіз» деді.

Саади Ішкі істер министрлігінен өздеріне келетін екінші бұйрыққа дейін қала орталығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндерін атап, «Киркуктің қай жерінде болмасын қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатты басқа бір күш қызмет атқармайды» деді.

Ирак армиясы федералды полиция күші мен Хашди Шааби күштері 2017 жылы 16 қазан күні Пешмерганың қақтығыссыз шегінуімен Киркукті бақылауға алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар