Солтүстік Корея лауазым иесі АҚШ-қа барады

Солтүстік Корея жоғарғы бір лауазым иесі лидерлер саммитінен бұрын АҚШ-қа барады.

981254
Солтүстік Корея лауазым иесі АҚШ-қа барады

Солтүстік Корея жоғарғы бір лауазым иесі Сингапурда өткізілуі жоспарланған лидерлер саммитінен бұрын Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барады.   

Оңтүстік Корея хабар агенттігі Yonhap-та орын алған хабарға қарағанда Солтүстік Корея Жұмысшы Партиясы орталық комитеті төрағасының орынбасары Ким Йонг Чол алдымен Қытайдың астанасы Пекинде Пекин халықаралық әуежайында қытайлық лауазым иелерімен кездескеннен кейін АҚШ-қа аттанады.

Сапардың Солтүстік Корея және АҚШ делегациясының Сингапур саммиті үшін Сеулде жасаған дайындықтардан кейін жасалуы назар аударды.

Кимнің Сингапурда өткізілуі жоспарланған саммиттен бұрын АҚШ-та қатысты  лауазым иелерімен кездесу өткізетіні білдірілді.

Солтүстік Кореяның бұрынғы әскер барлау ұйымы басшысы болған Ким ядролық қарусыздану және қауіпсіздік мәселесін өте жақсы білетін бір тұлға болып табылады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар