Аден қаласында БАӘ-ге қарсы шеру ұйымдастырылды

БАӘ күштерінің Халық көтеріліс күштері қолбасшыларынан Велид Әл-Идрисиді тергеуге алуы наразылық туғызды.

980366
Аден қаласында БАӘ-ге қарсы шеру ұйымдастырылды

Йеменнің оңтүстігіндегі Аден қаласында жиналған бір топ шеруші Халық көтеріліс күштері (HDG) қолбасшыларынан Велид Әл-Идрисидің Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) күштері тарапынан тергеуге алынуына наразылық көрсетті.

Әл-Мансурда жиналған шерушілер даңғылды көлік қатынасына жауып, дөңгелектер өртеді.

Аден қауіпсіздік күштері және Біріккен Араб Әмірліктері тергеумен байланысты мәлімдеме жасамады. Идрисидің БАӘ-ге қарсы ұран тастағаны себепті тергеуге алынғаны алға тартылуда.

Сондай-ақ шерушілер елдің шығысындағы Әл-Мукелла қаласында электр жүйесінің ажыратылуын да протест етті.



Ұқсас жаңалықтар