"Киркуктегі сайлауда 306 сандық санаққа алынбады"

Ирактың Киркук қаласында жалпы халықтық сайлауда заңсыздық жасалғаны үшін араптар сайлау қорытындысын қабылдамайды.

974845
"Киркуктегі сайлауда 306 сандық санаққа алынбады"

Киркукте баспасөзге мәлімдеме жасаған губернатор Ракан Саид азаматтардың сайлау кезінде жасалған заңсыздықты ашық түрде ерте байқағанын және мұны дәлелдеу үшін жүз мыңдаған шерушінің протест жасағанын білдірді.

Заңсыз сайлау қорытындысын қабылдамағандарын атап көрсеткен Саид сайлауда айлакерлік жасалғаны себепті сайлаушы мен сайлау комиссарлығы арасында сенімсіздік пайда болғанын атап, «Нақты қорытындының жариялануына қарамастан дауыстарды қолма қол санаққа алу сұранысымыздан бастартқан жоқпыз. Өкінішке орай барлық болып жатқан оқиғалар Киркуктегі этникалық топтар арасындағы бейбітшілікке қауіп төндіруде» деді.

Саид «Киркуктегі сайлау комиссарлығы орталығына әкелінбеген және дауыстары санаққа алынбаған 306 сандық бар. Бұл сандықтарда қай саяси партияға қаншалықты дауыс берілгені әлі белгісіз» деді.



Ұқсас жаңалықтар