Кубада ұшақ апаты

Кубада Boeing-737 ұшағы апатқа ұшырады

974425
Кубада ұшақ апаты

Кубаның Cubana de Aviacion компаниясына тиесілі Boeing-737 ұшағы Хосе Марти атындағы Гавана халықаралық әуежайынан ұшып шыққан кезде апатқа ұшырады.

Ұшақ әуежай мен Сантьяго-де-Лас-Вегас елді мекенінің арасында, Гаванадан оңтүстікке қарай шамамен 20 км жерге құлаған.

104 жолаушы мен 9 экипаж болған ұшақтан тек 3 адам ғана құтқарылды.

Қазіргі уақытта Хосе Марти атындағы әуежайдың үстінде қою қара түтін көрінеді. Апат болған жерге өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері аттандырылған. Апаттың неден болғаны әзірге белгісіз. Сондай-ақ құрбан болғандардың саны да әлі нақтыланбаған.


Этикеттер: #Куба , #ұшақ апаты

Ұқсас жаңалықтар