Түрікмендер аштық ереуілін бастады

Киркукта түрікмендер дауыстардың қайта саналуын талап етуде.

Түрікмендер аштық ереуілін бастады

Ирактың Киркук қаласында жалпы халықтық сайлауға заңсыздық араласты деген себеппен наразылық білдірген түрікмендер аштық ереуілін бастады.

Ирак Түрікмен жастар және студенттер одағы төрағасы Мурат Түрікмен: «заңсыздық жасалған сайлаудағы дауыстардың қайта саналуын талап еткен 50 түрікмен өлім аштығына бастауға шешім берді» деді.

«Киркукте сайлауға жүз мыңдаған түрікмен қатысқанына қарамастан,  қорытынды біз күткеннен едәуір төмен.  Дауыстың қолмен қайта саналуы үшін Орталық Бағдат үкіметі, БҰҰ және халықаралық ұйымдардан көмек күтеміз» деді ол.

Киркуктен Абдуллах Насрулла да түрікмендердің осы қалада жойылып кетпеуі үшін аштық ереуілін бастағандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар