Сирияның Африн ауданында террористердің лагері табылды

Сирияның Африн ауданына қарасты Хаджыхасанлы аймағында әуе шабуылдарына қарсы қорғаныс үшін жоспарланған бір лагер табылды.

973145
Сирияның Африн ауданында террористердің лагері табылды

Сирияның Африн ауданына қарасты Хаджыхасанлы аймағында әуе шабуылдарына қарсы қорғаныс үшін жоспарланған бір лагер табылды.

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-YPG-ге тиесілі 7 бөлме, 700 метр жабық алаң және туннель жүйесі бар лагердің құрылысының толық аяқталмағаны байқалды.

Бас штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Түрік қарулы күштерінің Африн аймағында PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-тік террористерді залалсыздандыру мақсатты дос және бауырлас аймақ халқына қысым мен зұлымдықтан құтқару үшін 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясы аясында 18 наурыз күні бақылауға алған Африннің Хаджыхасанлы аймағында іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

Террористтер аймақта басталған операцияның артынан лагер құрылысын аяқтамай тастап кеткен.

Террористердің тастап қашып кеткен лагердің көріністері Түрік қарулы күштерінің әлеуметтік медиа парақшасы арқылы бөлісілді.



Ұқсас жаңалықтар