Хамас басшысы Халит Мешаль «TRT World» арнасынан шақыру тастады

Хамас басшысы Халит Мешаль бүкіл әлемді Иерусалим мәселесінде Палестинаға қолдау беруге шақырды.

970373
Хамас басшысы Халит Мешаль «TRT World» арнасынан шақыру тастады

Хамас басшысы Халит Мешаль Америка Құрама Штаттарының өкілетті елшілігін Иерусалимге көшіру шешімі жайлы «Тарих олардан үлкен. Палестина халқы оларға берілмейді. Палестина мәселесін палестиналықтар өзі шешеді» деді.

Халит Мешаль АҚШ өкілетті елшілігінің Иерусалимге көшірілуі алдында Түркия Радио Теледидар мекемесі TRT-нің ағылшын тілінде эфирге шыққан «TRT World» арнасына маңызды мәлімдеме жасады.

Мешаль бүкіл әлемді Палестина халқының заңды күресіне қолдау беруге, АҚШ-тың Иерусалим шешіміне наразылық көрсетуге шақырды.

АҚШ Өкілетті елшілігінің Иерусалимге  көшірілуіне рұқсат берілмеу керектігін атап көрсеткен Мешаль «Тарих олардан үлкен. Палестина халқы оларға берілмейді. Палестина мәселесін палестиналықтар өзі шешеді» деді.

Әлемге үн қатқан Мешаль «Ұлы көш шеруі» мен бірнеше аптадан бері әділет іздеген және осы үшін шәйіт болған Палестина халқына одан көп қолдау беріңіз» деді.

Мешаль «Газада Батыс Шерияда Палестинадан басқа көшелерге шыққан халқымыз адамдарға, басшыларға, академиктерге үн қатады. Оларға бұл тарихи кезеңде бізге қолдау беріңіз дейді. Палестинаның болашағына АҚШ-тың немесе Израильдің емес, Палестина халқының шешім қабылдауы үшін қолдау беріңіз» деді.

Халит Мешаль сабыр және тұрақтылықпен күрескен Палестина халқының жалғыз сұранысының еркіндік болуын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар