Газа секторында қаза тапқандар саны 55-ге ұласты

Израиль әскерлері АҚШ-тың Иерусалим провокациясына наразылық үшін шеруге шыққан палестиналықтарға оқ жаудырды.

970425
Газа секторында қаза тапқандар саны 55-ге ұласты

АҚШ-тың Иерусалим провокациясына наразылық үшін Газа секторында шеруге шыққан палестиналықтар оқ жаудырған Израиль әскерлері 55 адамды өлтірді, мың бес жүзден астам адамды жаралады.

АҚШ Иерусалимде бүгін Түркия уақытымен 16:00-де өкілетті елшілігін ашатынын жариялады. Палестиналықтар ашылу алдында Газа секторында шерулер ұйымдастыра бастады.

Бейтүлхалим мен Рамаллах сияқты қалаларда да жалғасқан және мыңдаған адам қатысқан протесттерде Израиль әскерінің қарулармен шабуылдауы салдарынан 41 палестиналық шәйіт болды, жүздеген адам жарақат алды.

Жаралылар арасында 9 журналист бар екені атап көрсетілді.

Израиль пилотсыз ұшу аппараттарымен шерушілердің төбесінен көз жасаурататын газ бомбаларын тастауда.

АҚШ Иерусалимге көшіретін елшілік ғимараты орналасқан даңғыл мен басқыншылық астындағы Шығыс Иерусалимнің «Ескі қала» аймағының төңірегіне Израиль полициясы қосымша күштер қоныстандырды.

АҚШ-тың Иерусалим елшілігінің ашылуы әлемнің түкпір-түкпірінде протест етілмек.

46 елде жүз мыңдаған адамның протесттерге қатысуы күтіледі.

Араб Одағы АҚШ-тың өкілетті елшілігін Иерусалимге көшіруі туралы сәрсенбі күні кезектен тыс жиналуға шешім қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар