Ауғанстанда Қаржы басқармасына шабуылдады

12 адам опат болды.

969947
Ауғанстанда Қаржы басқармасына шабуылдады

Ауғанстандағы қос шабуылда 12 адам опат болды.  36 адам жарақат алды.

Оқиға елдің шығысындағы Джелалабад қаласында Қаржы басқармасы ғимаратында болды.

Нангархар акиматының баспасөз мәлімдемешісі Атаулла Хогяни 8 шабуылдаушының екеуінің Қаржы басқармасының кіре берісіне бомба қойып,  жарғаннан кейін алты шабуылдаушының ғимаратқа кіріп қақтығыс шығарғанын білдірді.

Шабуылдаушылар залалсыздандырылды.

Бірнеше сағатқа созылған қақтығыста арасында бейбіт халық та бар 12 адам қаза тапты. 36 адам жарақат алғанын білдірген Хогяни кейбірінің жағдайының ауыр екенін айтты.

Шабуылды әлі ешкім өз мойнына алмады.



Ұқсас жаңалықтар