'2018 Синай операциясы' аясында өлтірілген адам саны 259-ға ұласты

Мысыр армиясы Синай түбегінен бастап, ел көлеміндегі операцияларда жалпы 259 адамды өлтіргенін жариялады.

968095
'2018 Синай операциясы' аясында өлтірілген адам саны 259-ға ұласты

Мысыр армиясы Синай түбегінен бастап, ел көлемінде жасалған операцияларда 21 адамның өлтірілгенін, 238 адамның тергеуге алынғанын жариялады.

Армия жасаған мәлімдемеде соңғы көрсеткіштерді де назарға алғанда, 9 ақпан күні басталған Синай 2018 операциясы аясында өлтірілгендер саны 259-ға, тұтқындалғандардың саны 4 мың 467-ге ұласқаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеге қарағанда Мысыр армиясынан 35 әскер қаза тапты.

Мысыр қарулы күштері Синай түбегіндегі террор ұйымдарына қарсы 9 ақпан күні құрлық, әуе және теңіз жасақтарының қатысуымен «2018 Синай операциясын» бастағанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар