Трамп ядролық келісімнен шыққанын хабарлады

Енді назар Тегеранға ауды.

966738
Трамп ядролық келісімнен шыққанын хабарлады

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп елінің Иранмен жасалған ядролық келісімнен шығатынын мәлімдеді. 

Трамп Ақ Үйде ұйымдастырған баспасөз мәслихатында алдымен Иран әкімшілігіне бағытталған айыптауларын тізіп айтты. Иранның террорлық ұйымдарға қолдау бергенін алға тартқан Трамп: "Иран - терроризмнің мемлекеттік демеушісі. Бұл үшін өз халқының дәулетін қолданды.  Иран Хизбулла, Хамас, Талибан және Әл Кайданың қолдаушысы" деді. 

Ядролық келісім арқасында Иранның ураннан байып отырғанын алға тартқан АҚШ басшысы: "Келісім - адам ұялатындай. Бұл бір жақты келісім.  Ядролық келісімге рұқсат берсем, Таяу Шығыс қаруланады.  Бұл келісім Иранның өңірдегі мақсаттарына кедергі болмады. Иранның ядролық бомбасының осы шіріген келісім арқылы алдын ала алмаймыз" деді. 

Трамп артынан бүкіл әлем күткен шешімін жариялап: "Келісімнен шығамын" деді. 

АҚШ президенті айырықша Иранға санкциялардың қайта жүргізілетінін білдірді. 

Трамп қатысты елдермен бірге "Иранның ядролық қаупіне" қарсы жаңа келісім үшін жұмыстануға болатынын да айтты. 

Аталмыш ядролық келісім Иран және P5+1 елдері (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай және Германия) арасында 2015 жылы қол қойылған болатын. 

Аталмыш елдер Иранның ядролық бағдарламасында шектемелерге қарымта ретінде кейбір экономикалық санкцияларды жоюды қабылдаған еді. 

Трамптың шешімінен кейін енді назар не жауап беретіні белгісіз Тегеранға ауды. 

Иран президенті Хасан Рухани АҚШ-тың келісімнен шықса өкінетінін айтқан болатын.

Иран Мәжілісі Ядролық комитеті төрағасы Мүжтеба Зүннур болса АҚШ ядролық келісімнен шыққан жағдайда,  Тегеранның өз мұқтаждығы мөлшерінде уранды байытатынын білдірген еді. 

Washington Post газеті де "Трамп келісімнен шығатын болса, онсыз да жоқ деп есептеуге болатын АҚШ-Иран диологының толығымен үзілетінін,  жақындасу және келісу мүмкіндігінің жойылатынын" жазған еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар