Иран басшысы Рухани ядролық келісім жайлы АҚШ-қа ескерту жасады

Иран мемлекет басшысы АҚШ-тың ядролық келісімнен бас тартқан жағдайда өкінетінін атап көрсетті.

964842
Иран басшысы Рухани ядролық келісім жайлы АҚШ-қа ескерту жасады

Иран мемлекет басшысы Хасан Рухани еліне тиесілі зымырандардың келіссөздерге салынбайтынын, АҚШ-тың ядролық келісімнен бас тартқан жағдайда өкінетінін атап көрсетті.

Себзивар қаласында халыққа үн қатқан Хасан Рухани ядролық келісімдегі зымыран жұмыстарының келіссөзге тақырып болмайтынын, зымыран және қару өндіріп, жинақтауды жалғастыратындарын атап көрсетті.

Рухани «Біз қорғаныс қаруларымызбен байланысты ешкіммен келісімге отырмаймыз. Қажетінше зымыран мен қару өндіріп қоймаларымызда жинаймыз» деді.

АҚШ-тың Иранмен байланысты 40 жылдан бері қате шешімдер қабылдағанын, ядролық келісімнен бас тартуының өте үлкен қателік болатынын алға тартқан Рухани «АҚШ ядролық келісімнен бас тартқан жағдайда өкінетін болады» деді.

Бүкіл әлеммен байланыста болғылары келгенін атап көрсеткен Рухани АҚШ президенті Дональд Трамптың сенбі күні ядролық келісімнен бас тарту немесе қалу шешіміне қарап, жоспарларын дайындағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар