Ауғанстанда полиция директорының үйіне жанкешті шабуыл

Кандахар уәлаяты полиция директоры генерал Абдул Разыктың үйіне жасалған жанкешті шабуылда 2 полиция қаза тапты.

964828
Ауғанстанда полиция директорының үйіне жанкешті шабуыл

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандахар уәлаяты полиция директоры генерал Абдул Разыктың үйіне жасалған жанкешті шабуылда 2 полиция қаза тапты.

Кандахар полиция дирекциясы мәлімдемешісі Зия Дурани 3 шабуылдаушыдан бірінің мотоциклге орналастырған бомбаны Разыктың Спин Булдак ауданындағы үйі алдында жарғанын атап көрсетті.

Жарылыстың артынан үйге кіруге әрекет жасаған екі шабуылдаушының полиция тарапынан залалсыздандырылғанын атап көрсеткен Дурани шабуылда 2 полицияның да қаза тапқанын мәлімдеді.

Дурани шабуыл кезінде полиция директорының үйінде емес екенін білдірді.

Кандахар полиция директоры генерал Абдул Разык террор ұйымдарына бағытталған көптеген операцияға өзі тікелей қатысқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар