Әлемде қорғаныс саласындағы қаражат көбейді

Әлемде қорғаныс саласында жұмсалған қаражаттары 2 триллион долларға ұласты.

963411
Әлемде қорғаныс саласындағы қаражат көбейді

Әлемде қорғаныс саласында жұмсалған қаражаттары 2 триллион долларға ұласты.

Стокгольм бейбітшілік зерттеу институты тарапынан жарияланған жылдық рапорт бойынша жаһандық қорғаныс қаржылары өткен жылы 1,1 пайыз артып, 1 триллион 739 миллиард долларға көтерілді.

Рапортқа қарағанда Германияның қорғаныс қаржылары 44 миллиард  300 миллион доллармен 1999 жылынан кейін ең жоғарғы деңгейге шықты.

Германия қорғаныс бюджеті әлемде 9-шы орында.

Рапортта 15-шы орында болған Түркияның қорғаныс саласына 18 миллиард 200 миллион доллар бөлгені білдірілді.

Қорғаныс саласында қаражат жұмсауда Америка Құрама Штаттары бірінші орынды иелеуде.

АҚШ-тың қорғаныс бюджеті екінші орындағы Қытайдың әскери қаражатынан екі есе көп.

Рапортқа қарағанда Ресей әскери қаражаттарын биыл 20 пайыз азайтып, 66 миллиард 300 миллион долларға кемітті.



Ұқсас жаңалықтар