Майк Пампео ант ішті

АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы Майк Пампео ант ішті.

962886
Майк Пампео ант ішті

Америка Құрама Штаттарының жаңа мемлекеттік хатшысы Майк Пампео Сыртқы істер министрлігінде ұйымдастырылған рәсімде ант ішті.

Рәсімге АҚШ президенті Дональд Трамппен қатар президент орынбасары Майк Пенс және президенттік қызметкерлері қатысты.

Трамп рәсімде Пампеоның бұдан бұрын АҚШ Ұлттық барлау ұйымында маңызды жұмыстар істегенін, жұмыстарында табысты болғанын және жаңа міндетін де жақсы атқаратынына сенгенін айтты.

Майк Пампео туралы Дональд Трамп «Мемлекетіміздің ең жоғарғы дипломаты ретінде Америкаға абырой әкелетініне кәміл сенемін» деді.

Ант ішкен соң қысқаша сөз сөйлеген Пампео өзіне сенгені үшін Трампқа алғыс айтты және көп жұмыс істейтініне жөнінде уәде берді.

Иранмен атомдық келісімі тақырыбындағы соңғы жағдайды қолға алудан Солтүстік Кореямен жүргізген дипломатия процеске дейінгі көптеген тақырыпта табысты бір кезең өткізгендерін баяндаған Пампео сыртқы саясат саласында алдыңғы әкімшіліктердің қателіктерін қайталамайтындарын атап өтті.

 


Этикеттер: #АҚШ , #Дональд Трамп

Ұқсас жаңалықтар