Ким Чен Ын мен Мун Чже Ин кездесті

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин тарихи кездесу өткізді.

959546
Ким Чен Ын мен Мун Чже Ин кездесті

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин тарихи кездесу өткізді.

Бүгін таңертең Пханмунджомда Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин өзінің әріптесін күлімсіреп қарсы алып, екі елдің басшылары қол алысты. Тарихи сәт тікелей эфирден көрсетілді. Тараптар шекарадағы кездесуден кейін саммит туралы сөз қозғады.

Президент Мун Чже Ин Оңтүстік және Солтүстік Кореяның бөлінуін емес, татулығын білдіретін Пханмунджомда саммит өткізудің маңыздылығына тоқталды. Солтүстік Корея көшбасшысы кездесудің жемісті болуы үшін бар күшін салуға уәде берді. Сондай-ақ, ол екі елдің келісімге келуі тиіс екендігін атап өтті. Ким Чен Ын екі елдің қол алысып, болашаққа бірге қадам басатынынан үміттенетінін айтты. Мун Чже Ин саммит барысында қазіргі таңда бүкіл әлемнің Пханмунджомға назар аударып отырғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, Оңтүстік және Солтүстік Корея тұрғындары, сондай-ақ әлемдегі барлық адамдар саммитке үлкен үміт артып отыр. Тарихи кездесу түстен кейін жалғасады. Бұл кезеңде Оңтүстік және Солтүстік Корея көшбасшыларының қатысуымен түрлі іс-шаралар жоспарланған. Мун Чже Ин мен Ким Чен Ын бірге серуендеп, ағаш отырғызады және кешкі ас ішеді. 



Ұқсас жаңалықтар