Иран президенті Хасан Рухани түрік тілін мақтады

Рухани «Түрік тілі осы территорияның мақтанышы және түрік тілі хош иіс аңқыған бәйшешек сияқты керемет» деді.

957816
Иран президенті Хасан Рухани түрік тілін мақтады

Иран президенті Хасан Рухани түрік тілін мақтады.

Хасан Рухани «Түрік тілі осы территорияның мақтанышы және түрік тілі хош иіс аңқыған бәйшешек сияқты керемет» деді.

Иран президенттік сарайының интернет сайтында жарияланған мәлімдемеге қарағанда Иран президентінің Тебриз қаласында халыққа үн қату барысында мемлекетінде түрік тілінің кең таралуының маңызына тоқталды.

Рухани түрік тілі үшін қажетті кітаптардың басылуы жөнінде бұйрық бергенін білдіріп, «Өйткені түрік тілі осы территорияның мақтанышы және түрік тілі хош иіс аңқыған бәйшешек сияқты керемет. Біз осы отанмен, осы халықпен мақтануымыз керек» деген сөздер қолданды.


Этикеттер: #Иран , #түрік тілі

Ұқсас жаңалықтар