Франция мемлекеттік теміржолын жекешелендіреді

Францияда пікірталастар туғызған темір жолын жекешелендіру реформа жобасы Ұлттық мәжілісте дауыс көпшілігімен қабылданды.

953856
Франция мемлекеттік теміржолын жекешелендіреді

Францияда пікірталастар туғызған және темір жолын жекешелендіруді қамтыған реформа жобасы Ұлттық мәжілісте дауыс көпшілігімен қабылданды.

Мемлекеттік темір жолы қатынасын жекешелендірілуі, бәсекеге ашу, заңнамамен өзгеріс енгізу және арнайы ерекшеліктерге ие теміржолы қызметкерлерінің статусын өзгерту сияқты баптарды қамтитын жоба 29 қалыс дауыс, 80 қарсы дауыс және 454 қабылдау дауысымен Мәжіліс Жалпы кеңесінен өтті.

Реформа жобасының 23-29 мамыр күндерінде Сенатта қолға алынуы және кеш дегенде шілде айының басында нақты түрде бекітіліп іске қосылуы күтіледі.

Президент Эммануэль Макрон Мемлекеттік теміржол басқармасының (SNCF) 46,6 миллиард евроға ұласқан қарызын 2020 жылынан бастап қабылдайтындарын жариялаған болатын.

Францияда теміржолы жұмысшылары реформа жобасына қарсы шығып, 3 сәуір күні басталған наразылық шерулерін белгілі аралықтармен маусым айына дейін жалғастыратындарын мәлімдеген болатын.

Қатынаста үлкен мәселелер туғызған шерулердің мемлекетке түсірген бір күндік шығыны орташа 15 миллион евро екені атап көрсетілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар