Қауіпсіздік кеңесі мүшелері Мьянмаға барады

Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің өкілдері Ирак,  Бангладеш және Мьянмаға барады.

950460
Қауіпсіздік кеңесі мүшелері Мьянмаға барады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің өкілдері 26 сәуір-2 мамыр күндеру аралығында Ирак,  Бангладеш және Мьянмаға барады.

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз мәлімдемешісі Стефан Дужарик баспасөз брифингінде Мьянма сапарында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен Аракандағы дағдарысқа байланысты бірлік көрсетуін күтетіндерін айтты.

Сапар арқасында халықаралық қоғамның назары қайтадан Мьянмадағы қауіпсіздік күштерінен қашып, Бангладешті паналаған аракандық мұсылмандардың жағдайына ауады деп жоспарланды.

БҰҰ деректеріне қарағанда 25 тамыз күні басталған оқиғалардан бері Араканнан қашуға мәжбүр болып, Бангладешке барған босқын саны 700 мыңнан асты.

Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары жасанды серіктерден түсірілген көріністерде жүздеген ауылдың жойылғанын дәлелдеді.



Ұқсас жаңалықтар