Пәкістан мен Ауғанстан келісті

Екі ел «Бейбітшілік және серіктестік іс жоспарына» келісті.

947095
Пәкістан мен Ауғанстан келісті

Пәкістан мен Ауғанстан «Бейбітшілік және серіктестік іс жоспарына» келісті.

Пәкістан Сыртқы істер министрлігі хабарлама жариялап,  премьер-министрі Шахид Хакан Аббасидің жұма күні Ауғанстанға барып,  екі елдің 7 баптық Бейбітшілік пен серіктестік іс жоспарына келіскенін хабарлады.

Алынған шешімге қарағанда Пәкістан Ауғанстанда бейбітшілік орнау үшін елге қажетті қолдауды береді және екі ел үшін де қауіпті элементтерге қарсы бірге қозғалады.

Көрші елдер қауіп қалыптастыратын тақырыптарда аталмыш жоспарға орай ынтымақтастық механизмдерін қолдарып,  бірігіп қарсы шығады.

Тараптар координация және ақылдасу үшін жұмыс тобын қалыптастырады және байланыс қызметкерлерін міндеттендіреді.

Екі ел айырықша бір-бірінің құрлықтағы және әуедегі шекараларын бұзбауға келісті.



Ұқсас жаңалықтар