БҰҰ өкілі Араканға барды

Мюллер аракандық мұсылмандар душар болған дағдарысты тексеру мақсатымен Мьянманың Аракан штатына барды.

944802
БҰҰ өкілі Араканға барды

БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық көмектерге жауапты орынбасары Урсула Мюллер аракандық мұсылмандар душар болған дағдарысты тексеру мақсатымен Мьянманың Аракан штатына барды.

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дужарик күнделікті баспасөз брифнгінде Мюллердің Араканға кеткенін білдірді.

Дужарик Мюллердің азаматтардың қорғалуы,  гуманитарлық көмектің жеткізілуі және Араканға кіруге тыйым салынбауы тақырыптарын талқылау үшін Сыртқы істер және Мемлекеттік басшылыққа жауапты мемлекеттік министр Аун Сан Су Чжи және басқа да лауазым иелерімен бас қосқанын айтты.

БҰҰ деректеріне қарағанда 2017 жылдың 25 тамыз күнінен бері Араканнан қашып, Бангладешті паналағандар саны 700 мыңнан асты.  Халықаралық адам құқықтары ұйымдары жасанды серіктерден түсірілген көріністері арқылы жүздеген ауылдың жойылғанын дәлелдеді.

Аракандықтардың еліне оралуы үшін Мьянма мен Бангладеш арасында қол қойылған келісім ел-жұртын тастап шыққан азаматтардың жағдайларына байланысты құжат ала алмағандықтан орындалмай отыр.



Ұқсас жаңалықтар