Сергей Лавров Бангладеш сыртқы істер министрімен бас қосты

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың қазірше Сириядан кері шегіну уәдесіне бағынышты екенін мәлімдеді.

943142
Сергей Лавров Бангладеш сыртқы істер министрімен бас қосты

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ президенті Дональд Трамптың Вашингтонның Сириядан кері шегіну туралы сөзіне қазірше бағынышты екенін білдірді.

Лавров бангладештіктік әріптесі Абдул Хасан Махмуд Алимен кездесуінің артынан болып өткен баспасөз жиналысында Трамптың АҚШ-тың Сириядан кері шегінетіні жайлы мәлімдемесін бағалады.

АҚШ-тың Сириядағы жалғыз мақсатының террормен күрес болғаны жайлы кепілдік бергенін еске салған Лавров осыған қарағанда соңғы айларда АҚШ-тың Евфраттың шығысына қоныстанғанын білдірді.

Лавров Трамптың АҚШ-тың Сириядан кері шегіну жайлы уәделеріне қазірше бағынғанын мәлімдеді.

Лавров «Ол ДАИШ-ке қарсы табысқа жеткен соң АҚШ-тың Сириядан кері шегіну уәделеріне қазірше бағынышты. Осында маңыздысы АҚШ барлық мүше мемлекеттердің егемендігі мен шекара тұтастығын құрметтеуді қамтитын БҰҰ келісімін бұзып, өз әскерін, арнайы жасақтарын, әуе күштерін Сирияға жіберді, коалицияны жинады» деді.

АҚШ президенті Трамп Огайо штатында бейсенбі күні өткізген митингте «Сириядан жақын уақытта шегінеміз. Басқа елдер олармен шұғылдансын. ‘Халифат’ жүйесін жүз пайыз жоямыз. ДАИШ-тің қолынан бәрін қайтарып аламыз» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар