Иранға санкция жариялауға шақырды

Саудтық тақ мұрагері батыс елдеріне шақыру тастады.

941131
Иранға санкция жариялауға шақырды

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Ханзада Мұхаммед бин Селман батыс елдерін Иранға қарсы қатаң санкция жариялауға шақырды.

Америка Құрама Штаттары сапарында «Wall Street Journal» газетіне мәлімдеме жасаған саудтық тақ мұрагері: «Иранмен әскери қақтығыстан аулақ болу үшін санкция жариялау керек.  Мұны жасай алмасақ, 10-15 жыл ішінде Иранмен соғысамыз» деді.

Селман АҚШ сапары басталмастан бұрын CBS телеарнасының «60 минут» атты бағдарламасына берген сұхбатында болса Иранның діни басшысы Аятолла Әли Хаманей туралы «Таяу Шығыстағы жаңа Гитлер» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар