АҚШ Сыртқы істер министрлігі лауазымдысы Түркияға келеді

АҚШ Сыртқы істер министрлігі кеңесші орынбасары Тина Кайданов ресми сапармен Түркия мен Иракқа келеді.

938972
АҚШ Сыртқы істер министрлігі лауазымдысы Түркияға келеді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Сыртқы істер министрлігінде Саяси және Әскери қарым-қатынастарға жауапты кеңесші орынбасары Тина Кайдановтың ресми сапармен Түркия мен Иракқа келетіні білдірілді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі Кайдановтың Түркия мен Иракқа 28 наурыз - 3 сәуір күндері жасайтын ресми сапарымен байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Кайдоновтың Анкарада сыртқы істер мен қорғаныс министрліктерінде лауазымдылармен өтетін кездесуінде аймақтық қауіпсіздік пен екі ел арасындағы қорғаныс саудасы тақырыптарын қолға алатыны білдірілді.

Кайдановтың Иракқа жасайтын сапарында болса жоғары деңгейлі лауазымдылармен бас қосып, аймақтық қауіпсіздік тақырыптарын қолға алатыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар