Африндегі үйлеріне оралған сириялық жанұяның үйінде бомба жарылды

Террористтер Африннен қашқан кезде аудандағы көптеген ғимаратқа жарылғыш тұзақтаған болатын.

937871
Африндегі үйлеріне оралған сириялық жанұяның үйінде бомба жарылды

Сирияның Африн аудан орталығында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-YPG мүшесі террористердің қашқан кезде бомба орналастырған үйде жарылыс болды. Жарылыста 6 мүшелі жанұя үйінділердің астында қалды.

Түрік қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ мүшелерін залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару үшін 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясы аясында террордан тазаланған Афринде 6 адамнан тұратын бір жанұя үйлеріне оралды.

Террордан тазаланған аудандағы үйіне оралған жанұя жарылыстың артынан үйінділердің астында қалды. Бір әйелдің мәйіті шығарылған үйінділер астында жаралы бір баланың да ауруханаға жеткізілгені білдірілді.

Оқиға орнына ұласқан Еркін Сирия армиясы мамандары үйінділер астында қалған мүшелерін іздеу құтқару жұмыстарын бастады.



Ұқсас жаңалықтар