Суданда 5 миллионнан астам адам көмекке мұқтаж

Жыл сайын 2,47 миллион бала аштыққа байланысты аурулардан зардап шегуде.

929396
Суданда 5 миллионнан астам адам көмекке мұқтаж

БҰҰ Гуманитарлық көмек координациясы кеңсесі Судан филиалының хабарламасында елде гуманитарлық көмекке мұқтаж адам санының өткен жылмен салыстырғанда 0,7 миллион артып, 5,5 миллионға жеткені айтылды.

Хабарламада әсіресе сел және құрғақшылықтың азық-түлік қауіпсіздігіне жағымсыз әсер еткені атап көрсетілді.

БҰҰ Гуманитарлық көмек координациясы кеңсесінің деректеріне қарағанда, Судандағы негізгі гуманитарлық көмек мұқтаждықтарының түрлі факторларға орай қамдалмағаны,  елдегі қақтығыстар салдарынан ел-жұртынан көшкен адамдардың санының артқаны білдірілді.

Деректерге қарағанда,  Суданда жыл сайын 2,47 миллион бала аштыққа байланысты аурулардан зардап шегуде.



Ұқсас жаңалықтар