Шығыс Гутада 17 адам қаза тапты

Шығыс Гутада соңғы шабуылмен бірге соңғы үш аптада қаза тапқан халық саны 925-ке ұласты.

927413
Шығыс Гутада 17 адам қаза тапты

Шығыс Гутада соңғы шабуылмен бірге соңғы үш аптада қаза тапқан халық саны 925-ке ұласты.

Сирияда Асад режимі және қолдаушылары Шығыс Гутада басталған құрлық операциясымен аймақты екіге бөлсе, режим және орыс күштерінің әуе шабуылдарында 17 адам қаза тапты.

Асад режимі және қолдаушылары Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің атысты доғару шешіміне бойсұнбай, 3 наурызда Ресейдің әуе күштерінің қолдауымен Шығыс Гутаға құрлық операция жасаған болатын.

Шығыстан батысқа қарай ілгерілеген режим күштері Шығыс Гутаның екі жағын бірлестіргеннен кейін соңғы қалашық болған Медйерені басып алып, Хареста ауданына жетті. Осылайша режим Шығыс Гутаны екіге бөлген болды.

Енді бір жағынан режим күштері және қолдаушылары Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің атысты доғару шешіміне қарамастан елді мекендерге шабуылдарын жалғастырды. Шабуылдарда 17 адам ажал құшты.

Шығыс Гутада соңғы шабуылмен бірге соңғы үш аптада қаза тапқан халық саны 925-ке ұласты.



Ұқсас жаңалықтар