Израиль Иерусалимнен палестиналықтарды айдау үшін заң шығарды

Израиль үкіметі палестиналықтарды Иерусалимнен айдау үшін заң шығарды.

925201
Израиль Иерусалимнен палестиналықтарды айдау үшін заң шығарды

Израиль парламенті (Кнессет) Ішкі істер министрлігіне «террор ұйымдары» деп бағалаған топтармен байланысы барлардың анықталған иерусалимдік палестиналықтардың тұру құжаттарын жоюға жауапкершілік берген заң жобасын бекітті.

Кнессет баспасөз орталығынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда мұның алдында алғашқы дауыстан өткен аталмыш заң жобасы парламентте екінші және үшінші рет бекітіліп, қабылданды.

Израиль үкіметінің қолдауымен Ликуд партиясы депутаты Амир Охана тарапынан Кнессетке ұсынылған заң жобасына қатысты дауыс беруде 48 депутат қабылдау дауысы бергенде, 6 депутат қалыс қалды.

Израиль Ішкі істер министрлігі Палестинада 2006 жылғы сайлауларда Хамастың жеңіске жетуінің артынан Иерусалим депутаттары ретінде Палестина парламентіне сайланған Мұхаммед Әбу-Тейир, Ахмед Аттун және Мұхаммед Тутахпен бұрынғы Иерусалим министрі Халид Әбу-Арафехті Иерусалим куәліктерін жоюмен қорқытқан болатын.

Ішкі істер министрлігінің бұл қорқытуы елдегі Израиль Жоғары сотына берілген болатын.

Өткен жылы 107 палестиналықтың Иерусалимде тұру құқығы жойылған еді.

Израиль Иерусалимді басып алған 1967 жылдан бері қалада тіршілік құқығы қолынан алынған палестиналықтар саны 14 мың 309-ға ұласты.

Израиль басып алған Шығыс Иерусалимде өмір сүрген палестиналықтарды рұқсаттарын әртүрлі сылтаумен жойып, Батыс Шерияға көшуге мәжбүрлейді.



Ұқсас жаңалықтар