АҚШ ұшақ тасығыш кемесі Вьетнамға баруда

Америка Құрама Штаттары теңіз күштерінің ұшақ тасығыш кемесі Вьетнамға баруда.

923172
АҚШ ұшақ тасығыш кемесі Вьетнамға баруда

Америка Құрама Штаттары теңіз күштерінің ұшақ тасығыш кемесі Вьетнамға баруда.

Америка Құрама Штаттары теңіз күштерінің ұшақ тасығыш кемесі 1975 жылы аяқталған Вьетнам соғысынан кейін тұңғыш рет осы елге баруда.

АҚШ-тың Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі үстемшіл саясаттарын доғару талпыныстары жалғасқан кезде АҚШ теңіз күштерінің ұшақ тасыған кемесі USS Carl Vinson 6 мың адамдық экипажымен Вьетнамның кемежай қаласы Данангқа барды.

Вьетнам Сыртқы істер министрі мәлімдемешісі Ли Ханг «USS Carl Vinson» атты ұшақ тасығыш кемесінің еліне достық зиярат жасайтынын айтты.

Ханг екі ел ынтымақтастық аясында жасайтын зияраттың екі ел қарым-қатынастарының күшеюіне, аймақтың дамуы, ынтымақтастықтың бекемделуі, тұрақтықтың артуы және бейбітшіліктің жалғасуына үлес қосатынын баяндады.

 


Этикеттер: #АҚШ , #Вьетнам , #ұшақ

Ұқсас жаңалықтар