ДАИШ-тың 8 содыры өлтірілді

Киркукте ДАИШ содырларына қарсы әскери операция басталды.

922841
ДАИШ-тың 8 содыры өлтірілді

Ирактың Киркук қаласына қарасты Хавидже ауданы маңында полиция бөлімшесіне шабуыл жасаған 8 ДАИШ содыры өлтірілді.

Хаджиде аудан әкімі Себхан әл-Жуббури шабуылда полицияның зарар көрмегенін айтты.

«Ауданның шет жақтарында жасырынған ДАИШ содырларының шабуылынан кейін дереу әскери операция басталды.  Федералдық полиция, Терроризммен күрес полиция күші мен Хашди Шаби жасақтарының бірлескен операциясында ДАИШ содырларының ықпалсыз жағдайға келтірілуін мақсат етудеміз» деді ол.

Ирак күштері Хавидже ауданы мен осы ауданға қарасты 4 елді мекенді 2017 жылдың 5 қазан күні террорлық ұйым ДАИШ-тың қолынан алған болатын.


Этикеттер: #Ирак , #Киркук , #ДАИШ , #содыр

Ұқсас жаңалықтар