АҚШ Гуам аралында жаттықтырған террористерді Афринге әкелді

АҚШ PKK-лық террористерді Гуам аралында 1996 жылдан бері жаттықтыруда.

923040
АҚШ Гуам аралында жаттықтырған террористерді Афринге әкелді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Гуам аралында жаттықтырған бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі террористерді Сирияның Африн аймағына әкелді.

PKK-ның Сириядағы тармағы PYD-YPG-ге шексіз қару берген АҚШ қазір де Түрік қарулы күштеріне қарсы соғысу үшін Гуам аралында 1990 жылдан бері арнайы жаттықтырған PKK-лық террористерді әкеле бастады.

АҚШ-тың шетелдегі ең үлкен екінші әскери базасы Гуамда PKK мүшелеріне ұшақ пен тікұшақ ұшқыштығына қоса танкіге қарсы шабуыл, ұшақ қағар және сандық мина жаттығулары беріледі.

АҚШ Ауғанстан-Баграм базасынан кейін шетелде салған ең үлкен екінші әскери базасы ретінде Гуамда 1996 жылдан бері террористерді жаттықтыруда.

Кем дегенде 1 жыл жаттықтырған террористтер қолданған қарулардан кигендері арнайы формаларға дейін АҚШ-тың арнайы жасақтарынан ажыратыла алмайды.

PKK-ның Сирия және Иракта АҚШ тарапынан берілген жылулық қолшатырлары Шейх Халид пен Кефер Дженне аймақтарында тұңғыш рет анықталды.

Түрік соғыс ұшақтарының жойған Кефер Дженнедегі террор жаттықтыру лагері мен Шейх Хадид ауданындағы PKK-лық террористердің көпшілігінің жылулық қолшатырлары астында қаза тапқаны байқалды.



Ұқсас жаңалықтар