Шығыс Гутада гуманитарлық үзіліс беріледі

Сергей Шойгу Сирияның Шығыс Гута аймағында гуманитарлық үзіліс беретінін айтты.

919220
Шығыс Гутада гуманитарлық үзіліс беріледі

Сергей Шойгу Сирияның Шығыс Гута аймағында гуманитарлық үзіліс беретінін айтты.

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Сирияның Шығыс Гута аймағында жай халықтың зардап шекпеуі үшін ертеңнен бастап әр күні жергілікті сағат 09.00 мен 14.00 арасында гуманитарлық үзіліс беретінін айтты.

Шойгу астана Мәскеуде жасаған мәлімдемесінде Сирияда атысты тоқтатуға бағытталған шешімнің Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан қабылданғанын еске салды.

Шешімнен кейін Ресей президенті Владимир Путиннің Шығыс Гутада гуманитарлық үзіліс бұйрығын бергенін білдірген Шойгу «Аталмыш бұйрық аясында жай халықтың зардап шекпеуі үшін ертеңнен бастап әр күні жергілікті сағат 09.00 мен 14.00 арасында гуманитарлық үзіліс беріледі. Жай халықтың аймақтан айрылуы үшін де гуманитарлық коридор құрылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар