Түркия болған жерде қауіпсіздік және әділет бар

Ердоған «Өйткені біз болған жерде амандық, қауіпсіздік және әділет бар» деді.

914396
Түркия болған жерде қауіпсіздік және әділет бар

Ердоған «Өйткені біз болған жерде амандық, қауіпсіздік және әділет бар» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия болған жерде ешқашан зұлмат, қысым, үрей және кедейшілік болмайтынын айтты.

Президент Ердоған «Өйткені біз болған жерде амандық, қауіпсіздік және әділет бар» деді.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі топтық жиналысында сөз сөйледі.

Ердоған баяндамасында Сирияның Африн аймағында жалғасқан Зәйтүн бұтағы операциясының 32-ші күнінде залалсыздандырылған террористтер санының 1715-ке жеткенін айтты. Президент Ердоған операцияның табысты түрде жалғасқанын білдірді.

Ердоған «Мына шындықты ұмытпауымыз керек. Біз ол жерде күйрету үшін бармадық. Біз ол жерге әлі де елімізді өмір сүрген мыңдаған сириялықтар үшін бардық. Біз олардың қауіпсіз аймақта тіршілік жасауы үшін операция жасаудамыз. Өйткені біз болған жерде амандық, қауіпсіздік және әділет бар» деген сөздер қолданды.

Түркияның күшті болуынан тек террор ұйымдары және оларды қолдаған күштердің ғана мазасыз болғанын білдірген Ердоған аймақ халқының Түркиямен ешқандай бір мәселенің болмағанын түсіндірді.

Президент Ердоған Америка Құрама Штаттары «Барлық дәлелдерге қарамастан террор ұйымдарына қару бермедік деп айтуда,  осы екі беткейліктердің жалғастырғанына қайғырамын» деді. 



Ұқсас жаңалықтар