Сирияда оппозиционерлер 400 ДАИШ мүшесін тұтқындады

Оппозиционерлер Идлибте шыққан қақтығыста ДАИШ-тік 400 террористті ұстады.

910128
Сирияда оппозиционерлер 400 ДАИШ мүшесін тұтқындады

Сириялық оппозиционерлер Асад режимі ашқан корридор арқылы Идлиб атысты тоқтату аймағына кіруге әрекет жасаған ДАИШ террор ұйымымен қақтығысты. Оппозиционерлер 400 террористі тұтқындап, көптеген содырды залалсыздандырғанын атап көрсетілді.

«Басқыншыларға тойтарыс» деп аталған ортақ операция бөлімшесі құрған сириялық 12 оппозициялық топ Идлибке қарай жылжыған ДАИШ содырларын тоқтатты. Оппозиционерлер Идлибтің оңтүстік және шығыс ауылдық аймақтарында көптеген ДАИШ-тік террористті өлтірді.

Оппозиционерлер құрған ортақ операция бөлімшесінде мәлімдемеші Әбу Хузейфе Асад режимінің бақылауындағы аймақтардан Идлибке жылжуға тырысқан ДАИШ-ке қарсы бастаған операцияның жалғасқанын атап көрсетті.

Әбу Хузейфе Идлибтің оңтүстік және шығыс ауылдық аймақтарында 80 жаралы барлығы 400 ДАИШ-тік террористті ұстағандарын білдірді. Хузейфе Иблибтің оңтүстік шығыс ауылдық аймағындағы Ум Халахиль, Хувейин және Ард Зерзур ауылдарын бақылауға алғандарын атап көрсетті.

Ортақ қозғалған ДАИШ пен режим күштері 3 ай бойынша Ресейдің оппозиционерлерге және режимге қарсы әскери топтарға қарсы жасаған әуе шабуылдары арқылы ауқымды бір алаңға тараған болатын.



Ұқсас жаңалықтар