"Бейбіт халықтың тағдырына алаңдаймыз"

БҰҰ Йемендегі артып отырған қақтығыстарға назар аударды.

909442
"Бейбіт халықтың тағдырына алаңдаймыз"

БҰҰ Адам құқықтары жоғары комиссары Зейд Раад әл-Хұсейін Йеменнің Таиз уәлаятындағы қақтығыстар салдарынан жазықсыз адамдардың тағдырына алаңдайтындарын білдірді.

Хүсейін жазбаша хабарлама жариялап,  қақтығыстардың Таиздің шығысындағы тұрғындар көп тұратын Хубай елді мекеніне қарай жылжи бастағанын айтып: «Таиз уәлаятындағы қақтығыстардың артуы алаңдатады. Азаматтар қақтығыстардың барлық тараптарының оғының астында қалуда» деп ескертті.

Хүсейін бейбіт халықтың қақтығыстан алыста болуы керектігін айтты.

Йеменде заңды билікке төңкеріс жасаған хоуситтер 2014 жылдың қыркүйек айынан бері Сана қаласы секілді кейбір аймақтарды қолында ұстап тұр.



Ұқсас жаңалықтар