ДАИШ-тың 25 содыры өлтірілді

Ауғанстанда ДАИШ-ке қарсы операция жалғасуда.

906859
ДАИШ-тың 25 содыры өлтірілді

Ауғанстанда террорлық ұйым ДАИШ-ке қарсы құрлықтан және әуеден жүргізілген операцияда 25 террорист өлтірілді.

Елдің солтүстігіндегі Джузджан уәлаяты полиция директоры Факир Мұхаммед Джузджани Дерзабтың Сардере аймағында террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы жүргізілген операцияда 25 террористтің өлтірілгенін айтты.

Өлтірілген содырлардың үшеуінің Өзбекстан және біреуінің Шешенстан азаматы екенін білдірген полиция директоры операцияға елдегі НАТО жасақтарының да әуеден қолдау бергенін атап көрсетті.

ДАИШ террорлық ұйымы Джузджан уәлаятының Дерзаб және Куш Тепе аудандарында шамамен екі жылдан бері лаңкестік жасап келеді.



Ұқсас жаңалықтар