Колумбияда полиция орталығына шабуыл жасалды

Барранкилья қаласындағы бомбалы шабуылда 4 полиция қаза тапты, 42 адам жарақат алды.

898628
Колумбияда полиция орталығына шабуыл жасалды

Колумбияның Барранкилья қаласындағы подиция орталығына жасалған бомбалы шабуылда 4 полиция қаза тапты.

Кариб жағалауындағы Барранкилья қаласындағы полиция орталығын нысанаға алған бомбалы шабуылда 17 полиция барлығы 42 адам жарақат алды.

Бомба полициялар қызмет орындарына тарқамай тұрғанда, бекеттің ауласында жиналған кезде жарылды.

Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдеде шабуылды айыптап жатқанда, жауапкерлердің ұсталуы үшін қажетті шаралардың қабылданатынын білдірді.

Колумбия баспасөзі шабуылдың артынан жүргізілген операцияда бір адамның тергеуге алынғаны және шабуылдың жауаптыларын ұстау үшін 50 миллион песо сыйақы тағайындалғанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар