Грекияда ереуіл

Дәрігерлер мен медицина қызметкерлері ереуілге шықты.

897148
Грекияда ереуіл

Грекияда дәрігерлер мен медицина қызметкерлері «үнемдеу» шаралары мен жұмыс шарттарына наразылық білдіру мақсатында ереуіл ұйымдастырды.

Дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер Грекия Мемлекеттік ауруханалар қызметкерлері федерациясының шақыруымен Афиныда 4 сағаттық ереуіл жүргізді.  Елдің қалған жерлерінде болса ереуіл 24 сағат жоспарланды.

Еңбек шарттарының нашарлығына наразылық білдірген жүздеген қызметкер Афиныдағы Денсаулықты сақтау министрлігі алдында жиналды.

Елде экономикалық дағдарыс әлі өз ықпалын көрсетуде.



Ұқсас жаңалықтар