Швецияда полицияға бомбалы шабуыл

Мальме қаласына қарасты Русенгорд аудандық полиция бөлімшесіне бомбалы шабуыл жасалды.

890854
Швецияда полицияға бомбалы шабуыл

Швецияның Мальме қаласында Русенгорд аудандық полиция бөлімшесіне бомбалы шабуыл жасалды. Оқиғада қаза тапқан, не болмаса жарақат алған болмады.

Мальме полициясы жасаған мәлімдемеде бомбаның полиция бөлімшесінің кірісіне зиян келтіргені, кейбір көліктердің сынғаны атап көрсетілді.

Бомба мамандары аймаққа жіберіліп, оқиғамен байланысты тергеу басталды.



Ұқсас жаңалықтар