Колумбияда сайлау науқаны басталды

Колумбияда бірінші туры 27 мамырда болатын президенттік сайлаудың екінші туры 17 маусым күні өткізіледі.

889385
Колумбияда сайлау науқаны басталды

Колумбияда 27 мамырда болатын президенттік сайлауы қарсаңында саяси партиялар сайлау науқанын бастады.

Колумбия Төңкерісшіл қарулы күштермен жүргізілген бейбітшілік келіссөздерінде үкіметтің бас келіссөз жүргізушісі болған Либерал партияның кандидаты Умберто Де ла Калле – сайлау науқанында назар аударған тұлға.

Ол бас қала Баготада митинг ұйымдастырып,  қоғамдық келісім, кедейлікпен күрес және табиғаттық қорғалуы тақырыптарына күш жұмсайтынын айтты.

Ауылдық жерлердің дамуына басымдық беретінін тілге тиек еткен Де ла Калле «Қарулардың үнін өшіру жетпейді. Бейбітшілік келісімі тек шын бейбітшілікке жету үшін басылған алғашқы қадам.  Енді бұрын тастап кетілген жерлерге мүмкіндік апару керек» деді.

Де ла Калле Колумбиядағы қауіпсіздік проблемаларына байланысты елдің қарулы күштерін нығайтуға уәде берді.

Колумбияда бірінші туры 27 мамырда болатын президенттік сайлаудың екінші туры 17 маусым күні өткізіледі.



Ұқсас жаңалықтар