"Ядролық қаруды тастамаймыз"

НАТО Бас хатшысынан маңызды мәлімдеме келді.

888302
"Ядролық қаруды тастамаймыз"

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг «Ядролық қарусыз әлем» пікіріне қолдау беретінін,  алайда мұның мүмкін еместігін айтты.

Столтенберг Швецияда өткен «Халықаралық қауіпсіздік стратегиясы конференциясында» сөз сөйледі.

«Қытай, Ресей және Оңтүстік Кореяда ядролық қарулар тұрғанда, НАТО-ның ядролық қаруларды тастауы әлемді одан да қауіпсіз жағдайға келтірмейді. Әлемде бір теңгерім болуы керек.  Сондықтан НАТО БҰҰ Бас ассамблеясында қабылданған ядролық қаруларға тыйым салатын халықаралық келісімді қолдамайды» деді.

Ядролық қаруларға тыйым салу келісімін БҰҰ-да ядролық қаруы бар елдердің қарсы шығуына қарамастан 122 ел қолдап, қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар