АҚШ кері қадам басты

Трамп Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Инмен телефонда сөйлесті.

886176
АҚШ кері қадам басты

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея және Париж климаты келісімі тақырыптарында кері қадам басты.

Бұдан бұрын Солтүстік Кореяны жермен-жексен ету жөнінде құқай көрсеткен Трамп енді келіссөздерге ашық екенін айтты.

Трамп Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Инмен телефонда сөйлесті.

Кездесуге байланысты Ақүйден жасалған жазбаша мәлімдемесінде Президент Трамптың дұрыс уақыт және үйлесімді шарт жағдайда Солтүстік Кореямен келіссөздердің жасалуына ашық екені білдірілді.

Президент Трамп сонымен қатар өткен жылы шегінуге шешім жасаған Париж климат келісіміне қайта оралу мүмкіндігі жөнінде сигнал берді.

Трамп «Келісімге қайта ораламыз мүмкін. Қоршаған ортамен байланысты сезімталдығымыз күшті» деген сөздер қолданды.

Келісімнің қазіргі шарттарының АҚШ-тың экономикалық мүддесіне үйлеспегенін алға тартқан Трамп Қытай және Ресейді мысалға келтіріп, кейбір реттеулер жасалған жағдайда мемлекетінің келісімге қайта оралуы мүмкіндігін түсіндірді. 



Ұқсас жаңалықтар